Казакстан: акыркы кабар

Тоқаев Түркиямен әскери ынтымақтастық туралы келісімді бекітті

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының үкіметі мен Түркия Республикасының үкіметі арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заңға қол қойды.

Құжатқа қол қойылғаны туралы мемлекет басшысының ресми сайтында хабарланды.

Келісімге қол қоюдың негізгі мақсаты ұзақ мерзімді әскери ынтымақтастықты нығайтып, дамыту екені айтылды, ол тең құқықты ғана емес, сонымен бірге өзара тиімді болмақ.

Тоқаев кадрлық ауыс-түйіс жасады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы істер министрлігінде кадрлық ауыс-түйіс жасады, деп хабарлайды Ақорда.

Президенттің өкімімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты Роман Василенко сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды. Енді ол Қазақстанның Словак Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарады.

Нұрлан Сейтімов сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды. Мемлекет басшысының жарлығымен ол Қазақстанның Эстониядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Иманғали Тасмағамбетовті зейнетке жіберді

Сонымен қатар, Тоқаевтың жарлығымен:

Қазақстанның Сингапурдағы төтенше және өкілетті елшісі Аркен Арыстанов Қазақстанның Жаңа Зеландиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне;
Қазақстанның Вьетнам Социалистік Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Ерлан Байжанов Қазақстанның Камбоджа Корольдігіндегі, Лаос Халық Демократиялық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

Добавить комментарий